Ағыбай батырды Балқашпен не байланыстырады?!
Биыл Ағыбай батырдың туғанына 215 жыл
Ағыбай Қоңырбайұлы 1802 жылы Ұлытау өңірінде дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан. Ол екі жасында әкесіз қалады. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы.
Ағыбай - Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылдығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы.
Алғаш рет Ағыбай Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы 1824 жылы Қарқаралы аймағында болған көтеріліске белсене қатысып, ерлік-батырлығымен, тапқырлық-табандылығымен көзге түседі. Мұнан кейін де 1826-1849 жылдары Ресей әскерімен болған қақтығыстарда Ағыбай батыр өзін ел үшін белін бекем буған қаһарман батыр ретінде танытады. "Ағыбайлап" жауға шапқан қазақ әскері ылғи да жеңіспен оралатын болған. Жорықта жолы болғыштығы үшін "Ақжолтай Ағыбай" деген атаққа ие болған.

Ағыбайды аман алып қалған
Балқаш көлі...
Сапарғали Бегалиннің «Тасарал» поэмасының желісі бойынша Кенесары ханның тұсында Шу жаққа қарай Кекілік тау деген жерде қырғыз бен қазақтың арасында үлкен шайқас өтеді. Ұрыста біздің әскер жеңіліс тауып, Кенесары мен Наурызбай батыр жау қолына түскен екен. Ағыбай батыр 100 шақты адаммен жауды ортасынан бұзып өтіп, Приозерск жаққа қарай бет алады. Бұларды түбімен құртамын деген жау артынан ілеседі. (Жалғасы төменде)
Ғабит Мұсабеков - Ақжолтай Ағыбай батыр қорының Президенті: «Сонда қазіргі Приозерск қаласы, шын аты Қоржынтүбекке қарай қашып келіп, жауынгерлері Ағыбай батырды қамыспен қоршап тастайды. Сол түні Ағыбай батырдың түсіне Қойсана анамыздың әкесі Байғозы батыр кіріп аман қаласың десе, Жидебай екі қызыл ту ұстады. Ағыбай таңертең тұрып, жауынгерлеріне жан-жақтағы талдар мен қамыстарды шабыңдар деп, оны ертоқымның екі жағына бірдей қылып байлатады. Соның үстіне отырып Балқаш көліне түседі де бір күн бойы жүзіп отырып, Тасарал маңындағы Арал деген жерден бірақ шығады».
Ғабит Мұсабеков
Ақжолтай Ағыбай батыр қорының Президенті
Елі сыйлаған батырға тасаралдықтар Балқаштан 220 шақырым жерде, қазіргі батырдың күмбезі орналасқан Тайатқан Шұнақ деген өлкеден жер береді. Тасарал қыстауы болады.
Ағыбай батыр Балқаш көлінің үстімен атпен шауып өтті деген де нұсқа бар. Балқаш көлінің астында өткел жол болған деседі. Алайда, тарихшылар оны аңызға балайды.

Дәулет Қожақов - тарихшы
"Ағыбай батыр Ресей әскерінен қашпаған. Керісінше Патша үкіметі бақылауына алып, Тайатқан-Шұнақтан жер берген. Олар жорықтардың барлығын қағазға түсіріп отырған. Ондағы дерек бойынша, Ағыбай Кнесары қолға түскеннен кейін Балқашың оңтүстігімен қырғыздарға қарай бет алған".


Балқаш маңында жерасты мешітін салдыртқан Ағыбай
Ағыбай батыр 62 жасқа қараған шағында Қожа Ахмет Яссауи кесенесін бұзып, Түркістанды қоршап алмақ болған орыс әскеріне қарсы Қоңырат руының батырларын жинап алып шабуыл жасайды. Қазақ әскері зор ерлік көрсеткенімен көп шығынға ұшырайды. Ағыбай жараланып, есінен танып құлайды. Бұл оның соңғы жорығы еді. Құлаған жерінде Ағыбай батыр түс көреді. Түсінде Қожа Ахмет Яссауи аян беріп: «Ақжолтай, батырлығыңның біткен жері осы. Найзаның орнына құран ұстайтын кезің келді.», - деп аян береді. Расымен де, Ағыбай батыр Қоңырат әскерін жинап алып, жауды жексен етіп, қасиетті Қожа Ахмет кесенесінен діни кітаптарды алып еліне оралады. Балқаш маңын мекендеген Қоңырат батырларының жері бұл күнде «Қоңырат кеніші» деп аталып жүр.
Ғабит Мұсабеков - Ақжолтай Ағыбай батыр қорының Президенті: «Батыр бабамыз Түркістаннан кейін берілген жерден жер асты мешітін ашып, Қазаннан, батыстан және жергілікті қожадан үш молла алып, елдерге діни ілім үйретті. Ақтоғай ауданындағы Сарытерек ауылында Тоқырау өзенінің бойында егін егіп, ақ бидай өсірген».


ҒАБИТ МҰСАБЕКОВ - АҚЖОЛТАЙ АҒЫБАЙ БАТЫР ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: "ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН, БАСҚА ДА ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫҒАНДА, АҚЖОЛТАЙ АҒЫБАЙ БАТЫР АЛЫП КІСІ БОЛҒАН. ӨТКІР КӨЗДІ, ТҮСІ СУЫҚ, БОЙЫ 2,30-ДАН ЖОҒАРЫ БОЛҒАН КІСІ. ЖАУҒА ШАПҚАН КЕЗДЕ ЕКІ ИЫҒЫНАН ЕКІ АРЫСТАН ОТ ШАШЫП ТҰРҒАНДАЙ БОЛҒАН. БҰЛ КІСІ КӨП ЖАҒДАЙДА АЛДЫНА КЕЛГЕН ЖАУДЫ ӨЛТІРМЕЙ, ОҢ ЖАҚ БҮЙІРІНЕН НАЙЗАСЫМЕН ТҮЙРЕП, ЛАҚТЫРЫП ЖІБЕРЕТІН ЕРЕКШЕ ӘДІС ҚОЛДАНҒАН. БІРНЕШЕ МЕТРДЕН ЖЕРГЕ ҚҰЛАҒАН ЖАУ ӨЗДЕРІ ҚАША ЖӨНЕЛЕТІН БОЛҒАН".
Приозерск Ағыбай батыр қаласы болып ауыса ма?!
Ағыбай батырдың 7-ші ұрпағы Зәрікүл Тарғынқызы бастаған біраз жандар осыдан он жыл бұрын Приозерск қаласын Ағыбай батыр атына ауыстыру мәселесін көтеріп, Приозерск қаласының әкіміне хат жолдаған. Алайда, әскери қалашық Ресейдің де еншісін де болғандықтан, Ресей елімен де келісімге келу керек. Ағыбай батыр қорының Президентінің айтуынша бұл мәселе әлі де көтерілетін болады.
Ағыбай батыр ескерткішіне- 10 жыл
Ағыбай батыр ескерткіші 2007 жылы Балқаш қаласының 70 жылдығында ашылды. Жоба авторы - белгілі қарағандылық мүсінші Жаубасар Қалиев, ҚР суретшілер Одағының мүшесі. Мүсінші Ағыбай батырдың келбетін келтіру үшін 5 жыл уақыт жұмсаған. Осыдан 10 жыл бұрын ескерткіштің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі келген болатын.


(Фильм Балқаш қалалық әкім аппаратының тапсырмасы бойынша Балқаш қаласының мемлекеттік архивынан алынған материалдармен жасалған)
Ағыбай батыр кесенесі
демалыс орнына айналады
«Тайатқан-Шұнақта мешіт салдырып, Ағыбай батырдың мұражайын ашсақ па дегенбіз. Келетін кісілерге қонақ үй, автотұрақ жасау жоспарда бар. Бұл қағаз жүзінде жасалған. Жүзеге асып жатса Ағыбай батырдың 220 жылдығын сол жеде тойлаймыз».
Ғабит Мұсабеков
Ақжолтай Ағыбай батыр қорының Президенті
Биыл Ағыбай батырдың 215 жылдығына орай Балқашта аламан айтыс өтті. Еліміздің танымал айтыскер ақындары батырды жырға қосып, ерлігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен баба ұрпақтары Ақжолтай Ағыбайдың ескерткіші орналасқан Тәуелсіздік алаңында бас қосып, батыр рухына тағзым етті.
Оркен-Media
Phone: 8(710 36) 4-51-16, 4-04-16
E-mail: info@orken-media.kz
www.orken-media.kz
Made on
Tilda